Егерде сізге тексерумен келсе, онда өзіңді қалай ұстау керек және не істеу керек?
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бақылау-қадағалау қызметтерімен еншіленген мемлекеттік органдар ғана, оларға жүктелген бақылау және қадағалау қызметтеріне сәйкес заңнамамен бекітілген бақылау түрлері бойынша ғана бақылай алады.
Тексеру өткізу үшін негіз болатын негізгі құжат ол – тексеру тағайындау туралы акт. Ол актта мыналар көрсетіледі:
· акт нөмірі мен күні;
· мемлекеттік орган атауы;
· тексеру өткізуге құзырлы тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, әкесінің аты және лауазымы;
· тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы немесе оған қарсы тексеріс тағайындалған дара кәсіпкердің аты-жөні, әкесінің аты, орналасу орны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
· тағайындалған тексеру мәні;
· тексерудің басталу және аяқталу күні;
· тексеру өткізуге құқықтық негіздер, оның ішінде тексерілуі керек нормативті құқықтық актілер, міндетті талаптар;
· тексеру кезеңі;
· актіге қол қоюға құзырлы тұлғаның қолы мен мемлекеттік орган мөрі.
Тексеруді тағайындау туралы акт тек нақты бір жеке кәсіпкерлік субъектісіне ғана рәсімделеді.
Сонымен қатар, кәсіпкер мынаны білуі керек: тексеру өткізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы керек, кейбір ерекше жағдайларда ғана, арнайы зерттеулерді, сынақтарды, экспертизаларды өткізу қажет болған жағдайда, сонымен бірге, мемлекеттк бақылау органы басшысы (немесе оның орнын басушы) тарапынан тексерудің айтарлықтай ауқымына байланысты тексеру өткізу мерзімі созылуы мүмкін, алайда бұл мерзім отыз күнтізбелік күннен аспауы керек.
Ең бастысы, жеке кәсіпкерлік субъектілері өз құқықтарын білулері керек. Сонымен, жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау жүргізу барысында жеке кәсіпкерлік субъектілері мыналарға құқылы:
· тексеру өткізу үшін нысанға келген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тексеру өткізуге жібермеуге, егерде:
o тексеру өткізу үшін қажетті құжаттар ұсынылмаған болса;
o тексеруді тағайындау туралы актіде лауазымды тұлғалар көрсетілмеген болса;
o тексеру өткізу күні әлі болған жоқ, немесе өтіп кеткен болса;
o тексеру тағайындау туралы акт тиісті түрде рәсімделмеген болса;
· өткізіліп отырған тексеріс мәніне қатысы жоқ немесе актте көрсетілген кезеңге қатысы жоқ мағлұматтарды бермеуге;
· тексеру тағайындау туралы актке немесе тексеру нәтижелері туралы актке және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне (бейәрекетіне) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша шағымдануға;
· жеке кәсіпкерлікке шектеу қоятын, мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың Заңға негізделмеген тиымдарын орындамауға.
Бұл үзінділерді плакат ретінде рәсімдеуге, немесе жекелеген парақтарда ірі шрифтпен теріп, столдағы әйнек астына, күнтізбе жанына орналастыруға болады. Сонымен қатар, арнайы ақпараттық стенд жабдықтаған абзал. Сол стендте заңнамадағы барлық өзгерістерді көрсетіп тұруға болады.
Бұл, басқаша айтқанда, Сіздің бизнесіңіздің заңнамалық қауіпсіздігі десек те болады. Жоқ дегенде, бұл негізгі тезистерді білуіңіз, сізге ағат қадамдарды жасамауға, асығыс-үсігіс шешім қабылдамауға, бос сөздерге негізделмеуге, өзіңіздің дұрыстығыңызды заңға сүйене отырып дәлелдеуге көмектеседі.
Ал, енді, біз Сіздерге, біздің ойымызша, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес бірнеше біршама пайдалы практикалық кеңес береміз:
· Тексерушінің жеке куәлігімен танысыңыз, тексеру өткізудің негізі мен мақсатын, тексерушінің жұмыс телефонын анықтаңыз. Сонымен қатар, оның прокуратурада тіркелген нұсқамасы бар екендігін айқындап, оның көшірмесін алыңыз. Барлық деректерді арнайы журналға жазып алып, тексерушіге журналға қол қоюын ұсыныңыз. Бұл күрт, санкцияланбаған тексерулерден қашу үшін қажет.
· Тексеру ауқымы тексерушінің құзыры шеңберінен аспауы керек. Бақылаушы органдар қызметкерлерінің құқықтары заңнамамен анықталған және олар заң шеңберінен шықпаулары керек.
· Тексеру нәтижесі бойынша қорытынды акт міндетті түрде болу керек. Ол ешқандай құқықбұзушылық анықталмаған болса да түзіледі. Егерде сіз актімен танысып, тексерушінің шешімдерімен келіспейтін болсаңыз, оны «Актімен келіспеймін» деп көрсетуіңізге болады. Сонымен бірге, актта Сіз қандай да бір жағдайды түсіндіре алатын графа бар. Егерде Сіз өз позицияңызға сенімді болсаңыз немесе керісінше болса сол графаны ұмыт қалдырмаңыз.
· Құжатқа қол қоюдан бас тартпаңыз. Алайда, өз қолыңыздың қасына «Актімен келіспеймін» деп жазуыңызға болады.
· Тексеруші әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған жағдайда хаттама түзуі керек. Бұл жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 635-бабына сәйкес, хаттаманы түзуге құзіреті бар тұлға ғана хаттаманы түзеді. Егерде хаттаманы басқа бір тұлға түзген болса, онда оның заңды күші жоқ.
· Сол жерде айыппұл тағайындап, алу заңсыз.
· Есіңізде болсын — кінәлі емес қағидасы сіздің тарапыңызда. Тұлғаны кәнілі деген күдіктер жойылмаған жағдайда, пайда жауапқа тартылып отырған тұлға тарапында.
· Тексеруді тек тексеру тағайындау туралы актте көрсетілген тұлға ғана өткізуге құқылы. Ол өзінің қызмет куәлігін көрсетуі керек.
· Тексеруші өзінің тексеруі туралы Келуді есепке алу кітабында жазба қалдыруы керек. Сіз бұл кітапты өзіңіз арнауыңыз керек (ерікті формада жасалуы мүмкін).
· Егерде сіз тексерудің заңдылығынан шүбәләнатын болсаңыз, онда Тіркеуші органға немесе тексеруші органның басшысыларына барыңыз, хабарласыңыз.
· Тіркеу органында тіркелместен тексеру өткізу мына жағдайларда болады:
o кейінге қалдырылуы мүмкін емес болмаған, бірақ бірінші жұмыс күні тіркелуі керек жағдайларда;
o сіздің бизнесіңізге қатысы бар қылмыстық іс бойынша;
o тексеру шаруашылық субъектісінің өз бастамасымен болғанда, және тиісті құжаттарсыз (лицензия, патент немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттар) кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан тұлғаларды тексеру кезінде;
o жануарлар және өсімдік өнімдерін сату, сонымен қатар, оларды қайта өңдеу өнімдерін сату кезінде ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет зерттеу жүргізген кезде.
Сонымен қатар мына маңызды сәттерді жадта ұстау керек:
· тексеруші Сізден зерттеу мақсатында бақылау сатып алуын және өнім сынағы мен үлгісін алуды жүзеге асыруға құқысы жоқ, оларды тек салық тексерулерін, шұғыл-іздестіру қызметтерін орындаушы және сот шешімдерін атқарушы органдар ғана жүзеге асыра алады;
· тексеруші Сізден жеке жай, ұйымдастыру техникаларын және автокөлікті талап етуге құқылы емес;
· егерде төменгі деңгейлі немесе жоғары деңгейлі бөлімше Сізді ілгеріде тексерген болса, онда дәл сол сұрақ бойынша Сізді қайта тексеруге құқылары жоқ.
Есіңізде болсын! Тексеру тағайындау туралы актісіз жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеру тек келесі жағдайларда ғана жүзеге асырылады:
· азаматтық-құқықтық қарым-қатынастан туындайтын міндеттемелерді орындау бойынша;
· шұғыл-іздестіру іс-шаралары, анықтау (дознания), алдын-ала тергеу, прокурорлық қадағалау және атқарушы өндіріс шеңберінде;
· Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту барысында;
· жеке кәсіпкерлік субъектісі бастамасы бойынша;
· Қазақстан Республикасының салық, кеден және қаржы заңнамаларын сақтау бойынша;
· Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын сақтау бойынша.
Тағыда. Тексерушінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде Сіздің бизнесіңізге келтірілген шығын, оның ішінде жіберіп алған пайда да бар, мемлекеттік орган есебінен орны толтырылып, қайтарылуы тиіс.
Сіздің бизнесіңізге шектеу қоятын мемлекеттік органдардың заңсыз тиымдары заңсыз болып табылады, және олар атқарылмауы керек.
Тексеру аяқталғаннан кейін тексеруші мемлекеттік орган Тіркеуші органға әрбір шаруашылық субъектісін тексеру туралы есепке алу карточкасына қоса талон-қосымшаны тексеру аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде тапсырады.
Тіркеуші орган ресми БАҚ беттерінде өзінің мекен-жайы мен телефондарының нөмірлерін мерзімді түрде жариялап тұруға мндетті. Оның себебі кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша хабарласа алсын. Сонымен қатар мынаны білу де маңызды: министрліктер мен ведомствалардың, әкімдіктер мен мәслихаттардың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған, әділет органдарында тіркелмеген және бекітілген тәртіпке сай жарияланбаған нормативті құқықтық актілері заңды күшке ие емес және қолданысқа қабылданбаулары керек.
Бұл, әрине, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты толық емес, алайда, біздің ойымызша, өте қажетті және пайдалы ақпарат. Оны пайдаланып, іс-жүзінде қолданыңыз.
Қайнар көзі: ҚР-ның 31.01.2006 жылғы №124-III «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы. |