Кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтату үшін не істеу керек?
1-қадам - Өтініш беру
тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алдағы кезеңге қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш береді. Қызмет өтініште көрсетілген, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге уақытша тоқтатылуға жатады. Салық төлеуші қызметті уақытша тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қызметті уақытша тоқтату туралы кезекті өтініш беруге құқылы.
2-қадам – Салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу
Кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш берген күні салық кезеңінен бастап қызмет тоқтата тұрылған күнге дейінгі салық есептілігін тапсыру керек. Есептілік өтінішпен бірге тапсырылады, және барлық салықты төлеу керек. Салық берешегінің болуы немесе салық есептілігін табыс етпеу қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тартуға әкеп соғады.
3-қадам – Хабарлама алу
Салық органдары қызметті уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарламаны өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді. Қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзінің салық міндеттемелерін орындайды. Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама салық төлеушінің (өкілінің) өзіне қол қойғызу арқылы немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Салық төлеуші қызметті уақытша тоқтата тұру туралы хабарламаны алған жағдайда қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініште көрсетілген күннен бастап қызметі уақытша тоқтатыла тұрған деп есептеледі.
Қызметті уақытша тоқтата тұру қызметті қайта бастаған күнге дейін алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін тапсырмау үшін негіз болып табылады. |