|
Өз ісіңді қалай ұйымдастыру керек?
1. «Дара кәсіпкерлік» деген не?
Жеке тұлғалардың өз меншіктеріне негізделген, табыс табуға бағытталған, олардың тәуекелі және мүліктік жауапкершілігі үшін жеке тұлға атынан жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың бастамалық іс-әрекеті.
2. Өз ісіңді неден бастау керек?
- 1-қадам – Тіркеу
Кәсіпкерлік қызметпен айналысудан бұрын қызметті жүзеге асыру жерінде немесе тұрғылықты жерінде орналасқан Салық комитетінде дара кәсіпкер ретінде тіркелу керек.
Ол үшін мына құжаттарды жинап, тұрғылықты жерінде орналасқан Салық комитетіне тапсыру қажет:
- тіркелу орны бойынша адрестік столдан анықтама,
- төлқұжаттық форматтағы екі фотосурет,
- жеке куәлік көшірмесі,
- СТТН көшірмесі,
- ӘЖК (СИК) көшірмесі,
- іс-бума (скоросшиватель),
- дара кәсіпкерді Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу үшін өтініш,
- тіркеу үшін Салық комитетіне 4 айлық есептік көрсеткіш (4*1 168 = 4 672 теңге) сомасында мемлекеттік бажды төлегендігі туралы түбіртек.
Салық төлеуші өтініш берген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде Салық комитеті тіркеу есебіне қоюды жүзеге асырып, бекітілген формаға сәйкес Дара кәсіпкерлік куәлігін береді. Тіркеу есебі бұрынырақ берілген СТТН-ін өзгертпестен жүргізіледі.
- 2-қадам – Бюджетпен есеп айырысу үшін арнайы салық режимін таңдау
Арнайы салық режимі дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік және корпоративті салықтарды есептеу және төлеуде жеңілдетілген тәртіп бекітеді. Барлық басқа салықтар жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша есептеліп, төленеді.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеу тәртіптерінің төртуінің ішінен біреуін таңдау құқы бар:
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіп (төменірек қараңыз)
- бір реттік талон негізіндегі арнайы салық режимі (төменірек қараңыз)
- патент негізіндегі арнайы салық режимі (төменірек қараңыз)
- жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі (төменірек қараңыз)
Бұл режимді қолдануға рұқсат етпейтін бірнеше қызмет түрлеріне шектеу қойылады. Режимдардың бірін таңдап болғаннан кейін, 10 жұмыс күні ішінде тіркелген жерінде орналасқан Салық комитетіне арнайы салық режимын қолдану туралы бекітілген үлгіде өтініш беру керек. Егерде режимді таңдау туралы өтініш уақытылы берілмесе, онда Салық комитеті бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей бекітілген тәртібін пайдаланады.
3-қадам – Мөр, есеп айырысу шоты, лицензия, кассалық аппарат
Дара кәсіпкерлік куәлігі негізінде мөр дайындалып, кез-келген банкте есеп айырысу шоты ашылып, егерде қызметті лицензиялау керек болған жағдайда, онда лицензия алынады. Бюджетпен есеп айырысудың жеңілдетілген декларация арқылы және жалпыға бірдей бекітілген тәртібі таңдалған жағдайда, тіркелген сәттен бастап жарты жыл өткен кезде кассалық аппарат сатып алып, оны Салық комитетінде тіркеу керек. |