Өз ісіңді қалай жабу керек?
Дара кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік қызметін қалай тоқтатуы керек?
1-қадам – Тоқтату туралы өтініш беру
Кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған кезден бастап үш күн ішінде ол туралы салық органына жазбаша түрде, ерікті формада өтініш беру арқылы хабарланады.
2-қадам – Таратудың салық есептілігін тапсыру
Кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 ай ішінде салық органына салық кезеңінің басынан бастап кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан күнге дейін құралған салық есептілігі тапсырылады.
3-қадам – Құжаттық тексеру жүргізу туралы өтініш беру
Салық есептілігімен қатар, ерікті формада, кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы өтініш беріледі.
4-қадам – Құжаттық тексеруді жүргізу
Берілген өтініш негізінде салық органы құжаттық тексеру жүргізеді. Бұл тексеру салық төлеушінің өтініш берген күнінен кейін 30 күнтізбелік күннен аспайтын уақыт ішінде басталуы керек. Берілетін нұсқамаларда көрсетілен салық тексерулерін жүргізу уақыты нұсқама берген сәттен бастап 30 жұмыс күнінен аспауы керек.
5-қадам – Салық тексерулерін аяқтау
Салық тексерулері аяқталған соң салық комитетінің лауазымды тұлғасы салық тексерулерін жүргізу туралы өтініш берілген сәттен бастып 2 айдан аспайтын уақыт ішінде салық тексерулерінің актін түзеді.
6-қадам – Салық тексерулерінің нәтижесі
Салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталған жағдайда, актте көрсетілген нәтижелер негізінде Салық комитеті есептелген салық сомалары мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсiмпұлдар туралы хабарлама береді және бұл хабарлама салық төлеушіге жіберіледі.
7-қадам – Алынған хабарламаны орындау
Салық тексерулері нәтижелері бойынша хабарлама алған салық төлеуші хабарламада көрсетілген барлық салық сомаларын төлеуге міндетті.
8-қадам – 007.00 формасы бойынша өтініш беру
Хабарлама бойынша есептелген салық сомаларын төлегеннен кейін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіні есептен шығару туралы 007.00 формасы бойынша өтініш беріледі. Сонымен бір уақытта Салық комитетіне патент, ДК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ІІБ растаған мөрдің күшін жойғандығы туралы анықтама тапсырылады. Осыдан кейін Салық комитеті салық төлеушілерді тіркеу есебінен кәсіпкерді алып тастайды.
Қайнар көзі: 01.01.2008ж. ахуалдағы ҚР-ның Салық Кодексі, ҚР МКМ-нің 22.02.2002ж. № 279 Бұйрығы |