Тарих мен миссия
Миссиясы
Миссиясы – шағын және орта бизнес субъектілері үшін бухгалтерлік және салық есептері саласында қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы заңдылықтарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік және салық есептерінің озық әдістерін жүргізу және ендіру
Тарихы
2002-2004 жылдар
Директор Исматуллаева Луиза қаржылық есеп, басқарушылық есеп, аудит және салық салу бойынша Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институтында біліктілігін жетілдірді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының алғашқы тыңдаушыларының қатарында халықаралық емтихандарды тапсырып, Сертификатталған бухгалтер-практик (САР) куәлігін алды.
2005 жыл ақпан
Құрылтайшылар жиналысы өткізіліп, шағын және орта бизнес үшін бухгалтерлік есеп жүргізу, салық есептілігін толтыру және өткізу бойынша қызмет көрсететін серіктестік құру туралы шешім қабылданады.
2005 жыл сәуір
«СодБи-Финанс» ЖШС-і мемлекеттік тіркеуден өтеді
2005 жыл сәуір - тамыз
Ақпарат жинау және қызметкерлер штатын құру жүзеге асты, алғашқы клиенттермен қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасалды. Бірте-бірте қызмет көрсетілетін клиенттер саны артып, қызмет көрсету аясы кеңейді.
2007 жыл мамыр – тамыз
Қызметкерлер халық тұтынатын тауарларды сату саласында бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру бойынша ірі жобаны табысты түрде жүзеге асырды
2007 жыл маусым – қараша
Қызметкерлер Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институтында қаржылық есеп, басқарушылық есеп, Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттары бойынша аудит және салық салу курстарында біліктілігін жетілдірді
2007 жыл қазан – 2008 жыл сәуір
Қызметкерлер құрылыс жүргізу саласында бухгалтерлік және салық есептерін қайта қалпына келтіру бойынша екі ірі жобаны табысты түрде жүзеге асыруда
2008 қаңтар
Құрылтайшылар жиналысы өткізіліп, «Қаражат-Consulting» ЖШС деп атын өзгерту туралы шешім қабылданды |