|
Биыл Жол картасы аясындағы жөндеу жұмыстарында 127 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделуде - Г. Әбдіхалықова
2010 жылы Жол картасының барлық бағыттары бойынша 3224 жобаны іске асыру кезінде жөндеу жұмыстарында 127,6 мың жұмыс орынын құру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалы
Оның сөзіне қарағанда, теңдей қаржыландыруды есепке алғанда, жөндеу жұмыстарына көзделген 132,1 млрд. теңге бағыттар бойынша былай бөлініп отыр: тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жүйесін жөндеуге, қайта жаңартуға және дамытуға 50,4 млрд. теңге, бұл бағытта 651 жобаны іске асыру жоспарланған; жол жөндеу жұмыстарына 29,2 млрд. теңге бөлу көзделуде, бұл бағытта 775 жобаны іске асыру жоспарлануда; мектептерді, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеуге 46,7 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл бағытта 1343 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда; бұның ішінде 2 млрд. теңге республикалық меншіктегі денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жөнлдеуге бөлінген, осы қаржының есебінен 95 жоба жүзеге асырылуда; кенттер мен ауылдардың әлеуметтік-мәдени нысандарына 5,8 млрд. теңге бағытталған, бұл бағытта 455 жоба іске асырылатын болады.
«Сәуірдің 22-сіндегі мәліметтер бойынша жоспарланған 3224 жобаның 95 пайызы немесе 3062-сі конкурстармен қамтылған, оның ішінде 2893 жобаның жеңімпаздары анықталды. Бұл - объективті жағдай. Себебі жөндеу жұмыстарының басталуы бастапқыда мамыр-маусым айларына жоспарланған жобалар да бар. Аяқталған конкурстар бойынша жөндеу жұмыстары басталып кетті», деді министр.
Негізі: ҚазАқпарат. /Ернұр Ақанбай /,27 сәу 2010
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|
|