Бухгалтерияны кәсіпшілерге сеніп тапсырыңыз
Iздеу:  

ВИРТУАЛДЫ КОНСУЛЬТАНТ

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБс ЖмСбЖс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
   
ЖШС "Қаражат-Consulting"
Шымкент қ., Жандосов көшесі, 73, оф. 208, 209
+7 /7252/ 48-90-22, 48-95-71 (іш.117, 206)
info@karazhat.kz

ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық консультанттар кеңесі қысқа және орта мерзімді экономикалық саясатқа түзету жөнінде ұсыныс енгізді


Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық консультанттар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңес отырысында Қоғамдық проблемаларды талдау орталығы әзірлеген «Мемлекеттік дағдарысқа қарсы шараларға бағалау және талдау - экономикалық саясат үшін салдарлары» тақырыбындағы баяндама тыңдалып, талқыланды. Бұл баяндамада Қазақстан экономикасына жаһандық дағдарыстың әсер ету дәрежесі және негізгі факторлары көрініс тапқан, ел экономикасын қолдаудың дағдарысқа қарсы қабылданған мемлекеттік шараларының тиімділігіне баға берілген.

Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры Меруерт Махмұтова әлемдік экономиканың тұрақтылығы мен өсуінің жандану ұзақтығы белгісіз және дағдарыс қайталану қаупі сақталып отырғанын атап көрсетті. Осыған байланысты сарапшылар қысқа және орта мерзімді экономикалық саясатқа түзету енгізу жөнінде ұсыныс енгізді.

Баяндаманы талқылауға экономика ғылымдарының докторы, профессор Арыстан Есентүгелов, «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская, «Тұран» унивверситетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов, «Үштік Диалог Қазақстан» директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Елемесов, National Business журналының бас редакторы Арман Ыдырысов сияқты танымал сарапшылар, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың басшылары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова, Қаржы министрі Болат Жәмішев, Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шәженова, ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нөкин және басқалар қатысты.

Экономикалық консультанттар кеңесі ел Премьер-Министрі К.Мәсімовтің тапсырмасымен 2008 жылы қарашада өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жетекші қазақстандық сарапшылармен консультациялар өткізу мақсатында құрылды.

Кеңес құрамына жетекші қазақстандық сарапшылар және экономикалық мәселелерге маманданған ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері енді.



Негізі: ҚазАқпарат,05 мам 2010

Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.


ЖАҢАЛЫҚТАР

05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010


Біздің сайтымыз жайында қайдан білдіңіз?
Арнайы шығарулардан
Теледидардан
Интернеттен
Көрмеден немесе жәрмеңкеден
Серіктестерден
Басқа негіздерден
 
ҚР Ұлттық Банкінің
валюта құны
06 қыр 2010 ж.
 USD 147.29
 EUR 188.96
 RUR 4.80
Валюта калькуляторы
Алмасу 
Барлығы 
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
©2008 ЖШС "Қаражат Consulting". Құқығымыз толық қорғалған.
Ақпараттың қайнар көзіне сілтеме жасай отырып қана материалдарды көшіруге болады.
Karazhat.kz