Бухгалтерияны кәсіпшілерге сеніп тапсырыңыз
Iздеу:  

ВИРТУАЛДЫ КОНСУЛЬТАНТ

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБс ЖмСбЖс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
   
ЖШС "Қаражат-Consulting"
Шымкент қ., Жандосов көшесі, 73, оф. 208, 209
+7 /7252/ 48-90-22, 48-95-71 (іш.117, 206)
info@karazhat.kz

Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында 350 қазақстандық ардагер баспаналы болады - Г.Әбдіқалықова


Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында 350 қазақстандық ардагер баспаналы болады.

Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні республика бойынша баспана кезегінде тұрған ардагерлердің саны 1 мыңнан асып жығылады. Олардың 750-іне пәтер кілттерін ағымдағы жылы беру жоспарлануда. Оның 350-і қоныс тойын Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында тойлайтын болады.

«Ардагерлерге пәтер беру және олардың тұмыстық жағдайын жақсарту мейрамның алдында ғана емес, үйлердің құрылыстарының аяқталуына, жергілікті бюджеттің ол үйлерді сатып алу үрдісіне байланысты - жыл бойына атқарылатын шаралар», - деп атап өтті Г.Әбдіхалықова.

Айта кетейік, мереке қарсаңында баспаналы болатын 350 ардагердің - 55-і Астана қалалық Тұрғын үй басқармасының кезегінде тұрғандар.

Қала әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетовтың тапсырмасымен кезекте тұрған қалған барлық 104 ардагеге баспана беріліп, елордада бұл мәселе толығымен шешілген болатын. Дегенмен, 2008-2009 жылдар аралығында өңірлерден келген 20 ардагер Тұрғын үй басқармасында жаңадан тізім жасақтады, Жеңіс күні қарсаңында олардың барлығына үйдің кілттері табыс етілді. 2009-2010 жылдар ішінде бұл тізімге тағы 55 ардагер алынды. Оның 20-сы мамырдың 7-сі күні Тәуелсіздік сарайында өтетін салтанатты шара барысында пәтер кілттерін Елбасының қолынан алады деп күтілуде.



Негізі: ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/,05 мам 2010

Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.


ЖАҢАЛЫҚТАР

05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010


Біздің сайтымыз жайында қайдан білдіңіз?
Арнайы шығарулардан
Теледидардан
Интернеттен
Көрмеден немесе жәрмеңкеден
Серіктестерден
Басқа негіздерден
 
ҚР Ұлттық Банкінің
валюта құны
11 қыр 2010 ж.
 USD 147.47
 EUR 187.70
 RUR 4.78
Валюта калькуляторы
Алмасу 
Барлығы 
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
©2008 ЖШС "Қаражат Consulting". Құқығымыз толық қорғалған.
Ақпараттың қайнар көзіне сілтеме жасай отырып қана материалдарды көшіруге болады.
Karazhat.kz