Бухгалтерияны кәсіпшілерге сеніп тапсырыңыз
Iздеу:  

ВИРТУАЛДЫ КОНСУЛЬТАНТ

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБс ЖмСбЖс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
   
ЖШС "Қаражат-Consulting"
Шымкент қ., Жандосов көшесі, 73, оф. 208, 209
+7 /7252/ 48-90-22, 48-95-71 (іш.117, 206)
info@karazhat.kz

Бюджеттік үдерістің тұрақтылығы бірінші орында тұруы тиіс - Премьер-Министр


Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығымыз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Грекияда не болып жатқанын көріп отырмыз. Грекия Еуропалық Одаққа мүше мемлекет, оның валютасы - еуро. Алдыңғы кезеңдердегі бірқатар проблемалардың, атап айтқанда бюджеттік үдерістің тұрақтылығына жеткілікті назар аударылмағандықтан, бюджеттік үдеріс тұрақты ма, жоқ па, соған қарамастан популистік шешімдер арқылы жақсы көрінгілері келгендіктен оларда қазіргідей үлкен проблема туындап отыр. Біз қазір дағларыстан шығып келеміз, Мемлекет басшысы белгілеп берген бағдарламаға сәйкес біз іргелі жылжудамыз. Сондықтан бюджеттік үдерістің тұрақтылығы бірінші орында тұруы тиіс», деді Премьер-Министр.

 Үкімет басшысы еліміздің қазынасының кірісі қаншалықты болса, шығыны да соншалықты болатынын, одан артық шығындала алмайтынымызды атап көрсетті.

 «Бұған әрбір министрлік пен ведомствоның нақты жұмысын дұрыс ұйымдастыра алғанда ғана қол жеткізе аламыз. Біз алдымызға  қойылған міндетті шешіп, келешек ұрпақтың қалтасына қол сұқпауға тиіспіз», деді К. Мәсімов.

 Осы орайда Премьер-Министр стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жұмысын жақсылап жүргізу қажеттігін атап көрсетті.

 Премьер-Министрдің пікірінше, кей-кейде бұл жұмыстар керексіз, тіпті дағдарысқа қарсы бағдарламамен, оның аясында жүзеге асырылған іс-шаралармен салыстырғанда маңызды емес болып көрінуі ықтимал. Алайда, еліміздің бюджеттік үдерісінің тұрақтылығынан және орнықтылығынан база қалыптасады.



Негізі: ҚазАқпарат. /Ернұр Ақанбай /,05 мам 2010

Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.


ЖАҢАЛЫҚТАР

05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010
05 мам 2010


Біздің сайтымыз жайында қайдан білдіңіз?
Арнайы шығарулардан
Теледидардан
Интернеттен
Көрмеден немесе жәрмеңкеден
Серіктестерден
Басқа негіздерден
 
ҚР Ұлттық Банкінің
валюта құны
04 қыр 2010 ж.
 USD 147.29
 EUR 188.96
 RUR 4.80
Валюта калькуляторы
Алмасу 
Барлығы 
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
©2008 ЖШС "Қаражат Consulting". Құқығымыз толық қорғалған.
Ақпараттың қайнар көзіне сілтеме жасай отырып қана материалдарды көшіруге болады.
Karazhat.kz