ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес мүшелері 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту тұжырымдамасының жобасын, сондай-ақ электр энергетикасындағы қуаттар нарығын қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Бұдан басқа, тұрғын үй-құрылыс жинақтарын дамыту бөлігінде тұрғын үй саясатын дамыту және құрылыс саласында техникалық реттеу жүйесін реформалау мәселелері қаралды.
Негізі: ҚазАқпарат,02 нау 2010
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|
|