Елбасы таяуда әкімдер мен министрлерді жинап, индустрияландыру бағдарламасына қатысты кеңес өткізеді - Премьер-Министр
Таяуда Мемлекет басшысы облыс әкімдерін және министрлерді жинап, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кеңес өткізеді.
Онда аталмыш бағдарламаға қатысты түпкілікті шешім қабылданады. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Премьер-Министр бағдарлама аясында өтініш берілген барлық жобалар және жобалардың бекітілген мерзімдері дер кезінде орындалуы тиістігін атап көрсетті. Әрбір жобаға дербес жауап беретін адамдар бар. Менің ойымша, осы аптада бұл мәселеге қатысты соңғы нүкте қойылады. Одан кейін бағдарламаны орындауға кірісу қажет. Облыс әкімдері өз өңірлерінің аумағындағы жобаларға тікелей жауапты екендігіне тағы да назар аудартқым келеді. Бұл сіздердің жасап жатқан жұмыстарыңыз бағаланатын критерийлердің бірі», деді Үкімет басшысы әкімдерге қаратып айтқан сөзінде.
Премьер-Министр индустрияландыру бағдарламасы бойынша жұмыстар республикалық басқарушы орталық арқылы жүргізілетінін атап көрсетті. «Бүгін орталықтың екінші отырысы өтті. Өмірзақ Естайұлы мен Әсет Өрентайұлы өңірлерге шығып, туындаған мәселелерді шешуде. Мен де аймақтарды аралайтын боламын», деді К. Мәсімов.
Негізі: ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/,10 нау 2010
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|
|