|
Жергілікті жерлердегі жеке бизнесті дамытпайынша, ілгері жылжу мүмкін емес - Үкімет басшысы
Бұл пікірді бүгін селекторлық форматындағы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарта.
«Мемлекет басшысы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын бекіткеннен кейін, біз Президенттің қарауына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын шығаратын боламыз. Мемлекеттік компаниялар мен ірі компаниялар ел экономикасы дамуының локомотиві болып табылады. Алайда, жергілікті жерлердегі жеке бизнесті дамытпайынша, ілгерілеу мүмкін емес», деді отырыста Премьер-Министр.
Осы орайда Үкімет басшысы облыс әкімдері аймақтардағы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша назар аударуы тиістігін атап көрсетті. «Жергілікті жерлердегі бизнесті дамытуға мұқият қараңыздар. Нақтыланған бюджеттің жобасында бизнестің несиелерінің ставкаларын субсидиялауға қаржы қарастырылған. Банктік қоғамдастықпен және кәсіпкерлік қоғамдастықпен келісім бойынша, өңірлер экономикасы үшін маңызды болып табылатын нысандар, яғни сауықтырылатын жобалар бойынша банктер пайыздық ставканы 12 пайызға дейін төмендететін болады. Нақтыланған бюджеттің жобасы бойынша субсидиялаудың 5 пайызын Үкімет өзіне алатын болады. Соңғы қарыз алушы үшін тиімді ставка 7 пайыз болады. Бұл бизнес үшін өте үлкен көмек», деді К. Мәсімов облыс әкімдеріне қаратып айтқан сөзінде.
Негізі: ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/,10 нау 2010
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|
| (ESBxfJDVxjVfoJFp) | 17.05.2011, 23:08:50 |
Hey, that's the gertaest! So with ll this brain power AWHFY? | | |